Алаш аза тұтқан күн

Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Соған байланысты Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бір минут үнсіздік жарияланды. Осы уақытта Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратындағы Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бастаған бір топ қызметкерлер КВИ құрбандарын еске алды.
WhatsApp Image 2020-07-13 at 12.10.13
WhatsApp Image 2020-07-13 at 12.11.08
WhatsApp Image 2020-07-13 at 12.11.07
Аза тұту күні – тек назалы уақыт емес, елдің еңсесін көтеретін, алды-артымызға бағдар беретін күн. Сол себепті, Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде індетпен күрес жалғасатынын, алдын алу шараларының күшейетінін айтты. Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы қосымша шараларды да атап өтті. Нақтырақ айтқанда, елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек күшейтіліп, ауруханаларда төсек орындарының саны арттырылады.
WhatsApp Image 2020-07-13 at 12.11.08 (1)
Күні кеше Қостанай облысында провизорлық госпиталь ашылды. Бұл шешім өңірде прозиворлық төсек-орындардың жетіспеуіне байланысты қабылданды. Стационарға 100 төсек-орын қойылып, оттегі және қажетті құрылғылар мен медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер жеткізілді.
 
Суреттерді түсірген Б.Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓