Оқу – инемен құдық қазғандай

Облыс орталығындағы балалар шығармашылығы үйінде әдеттегідей Қостанай қаласының әкімі Б.Жақыпов  республикалық пән олимпиадалары және ғылыми  жобалар байқауында  жоғары жетістіктерге жетіп, жеңімпаз атанған оқушылармен, олардың ұстаздарымен  салтанатты кездесуі болып өтті. IMG_5918Барлығы да мерейлі,  оқушының да, ұстаздардың да құшағы гүлге толы. Қостанай қалалық білім бөлімінің жетекшісі В. Цымбалюктің айтуынша,   үстіміздегі жылғы Көкшетеу және Петропавл қалаларында өткен республикалық  жалпы білім беру пән олипиадаларының соңғы кезеңінде қала оқушылары он төрт медаль жеңіп алды. Олардың төртеуі алтын, төртеуі күміс, алтауы қола. Осы олимпиадада, әсіресе, Қостанай қаласындағы М. Горький, С. Мәуленов атындағы гимназиялар, физика-математика лицейі мен №23 орта мектебінің оқушылары жеңімпаздар қатарынан көрінді.  Аты аталған білім беру мекемелерінің басшылары да сый-құрметке ие болды.IMG_5937
– Әрине,  қуаныштымыз. Екі оқушымыз, Інжу Баймұханбетова мен Әсел Жолбарысова республикалық  пән олимпадасында  орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінен жүлделі орындарға ие болды. Бірі күміс, екіншісі қола медаль алды. Оқушымыздың екеуі де екі жыл қатарынан осындай жүлделі орындарға ие болып отыр.  Оларды осындай жетістіктерге жетелеген ұстаздары  Жанат Сәрсенбаева мен Айсұлу Көшмұрзинаға да  айтар алғысымыз шексіз. Сол секілді мектебіміздің басқа да оқушылары мәдениет, әдебиет, спорт бойынша  әр деңгейдегі жарыстар мен сайыстарда  жеңімпаздардың қатарынан көрініп жүр. Үстіміздегі жылғы  қаңтар айында өткен облыстық пән олимпиадасында мектебіміз «Ең үздік олимпиада командасы» деген атақты жеңіп алды,- деді С. Мәуленов атындағы гимназияның директоры Б.Көшмұрзин.8Joc5jdamKI
Қала әкімі Б. Жақыпов жеңімпаз  оқушыларды, оларға сапалы білім берген білікті педагогтарды құттықтап,  игі тілегін тіледі, ақшалай сыйлықтармен, грамоталармен марапаттады, естелікке  суретке түсті.
 
Гүлназым САҒИТОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓