Көпір асты – көл-дария (БЕЙНЕБАЯН)

Қазіргі уақытта қар суының басуына байланысты Қостанай қаласындағы Гагарин көшесінің «Қостанай-2» шағын ауданына көпір астымен өтетін тұста көлік қозғалысы шектелді. Бұл – Федоров, Қарабалық аудандарына ғана емес, Ресейдің Челябі облысына бастап баратын халықаралық маңызы бар жол. Осы жерлерге тәулік бойғы кезекшілік қойылған. Қазіргі уақытты қардың лай суын сору жұмыстары жүріп жатыр. 
IMG_1591
 
IMG_1606
IMG_1594
IMG_1600
IMG_1638
IMG_1598
IMG_1656Жабылған көпірде шектелген көлік қозғалысын тәртіп сақшылары реттеуде. Яғни темір тұлпар тізгіншілері бет алған бағыттарына Киевский поселкесі және әуежай ауданы арқылы өте алады.
Облыс бойынша күн сайын 500 полиция қызметкері жұмылдырылуда. Аймақта орын алып отырған жағдайға, елді мекендерді су басу қаупіне байланысты тәртіп сақшылары апаттың «аптығын» басуға ұдайы дайындықта, дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓