Әр отбасы қайғысы – тұтас халық қайғысы

Расында, Қазақстанның көпұлтты жұрты қашаннан қуанышта да, қайғыда да бірге болып келеді. Ауызбірліктің арқасында еңсерілмеген қиындық, бастан өтпеген сынақ жоқ. Бұл тәжтажалдың қара шеңгелінен де ынтымақтың, сабыр мен сақтықтың демеуімен сытылып шығарымыз сөзсіз. Ол үшін, бастысы, ұнжырғамыз түспей, еңсеміз езілмей, заңмен, қаулы-қарармен бекітілген талап-тәртіпке бекем болып, оны күнделікті тіршілік-қарекетімізбен сәйкестендіру керек, қазіргі өмір салтына бағыну қажет. Сонда ғана ел іші есен-сау болып, қайғы артынан қуаныш келері анық! Алла тағала қазақ жұртына амандық, ұзақ ғұмыр нәсіп етіп, марқұмдардың жанын жәннат төрінде шалқытсын!
Жолбарыс қажы Баязид,
ақын,
ақын,
Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі