ҚМУ: БАСЫМДЫҚ – КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ
Кейде университет түлектеріне өз мамандықтары бойынша жұмыс табу қиынға соғады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың соңында еліміздің 61 жоғары оқу орнындағы жұмысқа орналасу деңгейі 50%-дан төмен. Ал А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы 84% құрады, кейбір мамандықтар бойынша – 100%. ҚМУ ректоры Алма Дощанова аймақтағы жетекші жоғары оқу орнында жоғары білім алуға сұраныс артып келе жатқанын және студенттерді оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері туралы айтты.
Кез келген университеттің білім сапасының маңызды көрсеткіші – ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ алған мамандықтары бойынша кәсіптік қызметтерінің басталуы.Біз өз түлектерімізді жұмысқа орналастырамыз және осы мақсатта университетте арнайы қызмет – Мансап және жұмыспен қамту орталығы құрылды.Алдымен біз аймақтың кадрлық қажеттілігіне назар аударамыз. Дәстүр бойынша, Қостанай аграрлы аймақ болып саналды, соңғы уақытта өңдеу, тау-кен өндірісі, машина жасау және басқа да салалар қарқын ала бастады.
Түлектерді жұмысқа орналастыру науқаны оқу бітіргенге дейінбасталады.Сапалы білім берудің негізгі факторлары – білім, дағды, тәжірибе және оның бәсекеге қабілеттілігі. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы әрқашан мықты болды.Қазіргі уақытта оқу ордамызда ғылыми дәрежелері мен атағы бар 200-ден астам оқытушылар жұмыс істейді.Университеттің материалдық-техникалық базасы елдің индустриалдық-инновациялық экономикасының талаптарына сәйкес келеді. Яғни, студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.Бірақ, сіздің университет қабырғасында алған біліміңіз бен дағдыларыңыз, егер оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибелер болмаған жағдайда, сонымен қатар кез-келген мамандықтың оқу бағдарламасындағы міндетті талап болып табылмаса, өздігінен ештеңе білдірмейтінін мойындауыңыз керек.
Студенттер өндірістер мен кәсіпорындарда өз білімдері мен дағдыларын бекітеді, еңбек жолының басында көмектесетін тәжірибе жинақтайды.Тәжірибенің арқасында біздің студенттер болашақ мамандықтарымен тығыз байланыста бола алады. Және осындай мүмкіндікті біздің серіктестер, аймақтағы жұмыс берушілер ұсынады: «АгромашХолдинг» АҚ, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Олжа Агро» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Садчиковское» ЖШС, «Парус-КАЗ» ЖШС, «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қостанай Мелкомбинат» АҚ және т.б.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары болашақ мамандардың білім деңгейін, ұжымда бейімделу қабілеттерін, еңбекқорлығын тәжірибе барысында бағалай отырып, кейін студентті жұмысқа шақыруға нақты мүмкіндік алады.Іс жүзінде сынақтан өткен, жоғарғы білімі бар кез-келген маман әр компания үшін құнды.
Сондай-ақ, оқу үрдісі барысында студенттердің жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесуі өткізіліп, оларды жастарды жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен таныстырады, мысалы: «Жастар практикасы», «Дипломменауылға», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар сабақтастығы», т.б.
Мемлекеттік қызмет департаментінің өкілдері, мамандар студенттерге мемлекеттік қызметке түсу ережелері мен кезеңдері жайлы және бұл үшін қандай құжаттар қажет, толық ақпаратты қайдан іздеу керек екенін түсіндіреді.
Оқу жылында педагогика және психология кафедрасымен бірлесіп soft skills дағдыларды, яғни «икемді дағдыларды» дамыту және жан-жақты дамыту бойынша тренингтер мен семинарлар өткізіледі, мұндай жас маман жұмыс беруші үшінhard skills, «қатаң дағдыларды» дамытқан маманнан гөрі басымдықта болады.Сонымен қатар резюме жазу, өзін-өзі таныстыру және сұхбаттасуды үйретуге арналған вебинарлар өткізіледі.
Өткен жылдың қазан айының басында 2019 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы 84% құрады.«Азық-түлік технологиясы», «Өңдеу технологиясы», «Электр энергиясы», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Информатика, қаржы, есеп және аудит», «Құқықтану»,«Қазақ филологиясы»,«Шетел филологиясы»мамандықтары бойыншажұмыспен қамтылғандардың үлесі одан да жоғары – 90-нан 100 пайызға дейін.Бұл көрсеткіш «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына жүргізген тәуелсіз бағалауының мәліметінінен алынды. Мұндай рейтинг үш жыл қатарынан өткізіліп келеді және біздің университет жыл сайын алдыңғы сатыларда.
Бірақ «Атамекен» ҰҚП рейтингісін құру үшін жұмысқа орналасу мониторингі кезінде зейнетақы жарналарының болуы ғана ескеріледі.Біздің жағдайда – 84%.Мұндай мониторинг нәтижелері жұмыспен қамтылудың нақты пайызымен салыстырғанда төмен көрсеткіш береді: жұмысқа бірден бара алмайтын адамдардың санаттары есепке алынбайды.Олардың ішінде, мысалы, декреттік демалыстағы, бала күтіміне байланысты үйде отырғандар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеуге шақыртылғандар, өзге елдерге тұруға немесе жұмыс істеуге кеткендер, магистратураға немесе докторантураға түскендер, 1-2 топтағы мүгедектер бар.Осы жылы «Атамекен» ҰКП-на университеттер рейтингті шығару кезінде ескерілуі қажет ұсыныстарын жіберді.Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен салық мәселелері және Салық кодексіндегі өзгертулерді түсіндіру бойынша онлайн-кеңестер өткізіледі.
Біздің университет – аймақтық әртараптандырылған университет, жыл сайын 1500-ден астам жас мамандарды дайындайды.Біздің міндетіміз – университетте жан-жақты дайындалған, өте күрделі жаһандық әлемге кіруге, оның мәселелерін шешугеәзір мамандарды даярлап шығару. Оларды шешу үшін олардың кәсіби білімі, пәнаралық көзқарасы, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті, ең бастысы өз білімдерін қолдана білуге, әлеуметтік дағдыларға ие болуы керек.Дәл осы дағдылар мен тәжірибе ЖОО бітірген жас мамандарға өмірлерін өзгертуге деген үлкен ықылас пен күш беріп қана қоймай, оған қажетті құралдарды да тарту етеді.Университеттің түлектері, жас мамандар алған білімдерін еңбек жолын сәтті бастау үшін пайдаланады және кәсіби құзыреттіліктер мен дағдылардан басқа, ұқыптылық, жігерлілік, қоғамдастық, топпен жұмыс, шығармашылық, зияткерлік сияқтыжеке тұлғаны дамытуға қажетті құзыреттіліктерді жетілдіру қажет екенін ұмытпайды деген сенімдеміз. Кез-келген қызмет саласында жетістікке жету үшін нақты мақсат қойып, оның орындалуына барынша тырысу керек. Сонда ғана нәтиже болады.Жолды жүргінші жеңеді!
Енді біз үшін басты мәселе– талапкерлерді тарту.Жыл өткен сайын орта мектеп түлектері мен олардың ата-аналары университеттаңдауда талғампаздықтанытуда. Карантиннің енгізілуіне, білім беру процестерінің онлайн режимге ауысуына, әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты, орта мектептер мен колледждердің түлектеріне ыңғайлы болу үшін университет "Талапкер-2020 автоматтандырылған жүйесін жасады, ол университеттің сайтында қол жетімді: http://school.ksu.edu.kz/.
Бұл жүйеде талапкерге университетпен қашықтықтан танысу мүмкіндігі беріледі: сайтта видео-экскурсиялар, 3D-турлар, ғимараттардың, зертханалардың, арнайы бөлмелер мен сыныптардың, институттардың, орталықтардың, компьютерлік сыныптардың, кітапханалардың медиа файлдары ұсынылған.Мұнда бакалавриаттың, магистратураның білім беру бағдарламаларымен, олардың сипаттамасымен танысуға, білікті мамандардың кеңесін алуға да болады.Сонымен қатар түлектер белгілі бір кәсіптерге деген психологиялық икемділігін, тұлғалық тесттен өтіп, кәсіби «бейімділігін» анықтай алады.Ал болашақ мамандығын алдын-ала таңдап қойған талапкерлер онлайн режимде құжаттарды бірден тапсыра берулеріне болады.
«Талапкер-2020» автоматтандырылған жүйесінің әр парақшасында өтініш берушілердің сұрақтарына әрдайым жауап беруге дайын кеңесшілердің байланыстары көрсетілген.Бұл бағдарлама өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін E-gov электрондық үкімет порталымен біріктірілген.
Біздің түлектеріміздің орнын ел экономикасын дамытуға үлесін қосуға дайын, талантты және кәсіпкеталпынған бірінші курс студенттері басатынына сенімдіміз.
Қош келдіңіздер!