Локдаун режимі енгізіледі

Қостанай облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 11-12 шілдесі аралығында, яғни демалыс күндері Қостанай облысы территориясында локдаун режимі енгізіледі. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Ю.Севостьянов мәлімдеді.
Бұл карантиннің күшейтілуіне байланысты. Медициналық көмек көрсету, тамақ пен дәріғ өндірістік тауарларды сатып алу, саяжайға жеке көлікпен бару, үй жануарларын серуендету және науқастарға күтім жасау, қоқыс төгу сияқты қажет болған жағдайларды қоспағанда, үйден шығуға тыйым салынады. Осы кезеңде барлық ойын-сауық және көңіл көтеру, сауда орындары, қоғамдық көліктер, базарлар жұмыс істемейді. Саябақтарда, алаңдарда, жағажайлар мен демалыс оратлықтарына бару мүмкін болмайды.   
Бұл қаулы  2020 жылғы 11 шілде  00:00 сағаттан бастап өз күшіне енеді.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓