Қос дарын қоржынында – бас бәйге
Торғай өңірінің жас дарындары «JAS ORKEN» республикалық байқауының Гран При иегерлері атанды.
Елдің әр түкпірінде аудандық, облыстық кезеңдерден өткен 107 үміткер республикалық сында шеберлік байқасты. Соның ішінде Жангелдин ауданының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп түлегі, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Әулетбек Жүсіпбек «Жас дарын» аталымы бойынша үздік деп танылса, Шилі ауылының Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Бекзат Әмірхан «Жас ақын» номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қостанай облыстық Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова жеңімпаздарға марапаттарын табыстап, жылы лебізін білдірді.