Білім тәжірибемен ұштасқанда…
Білім саласында жұмыс істеген соң, әр таңымыз ізденіс пен талпыныста өту керек сынды. Осы мақсатқа менің де арманым ұштасса керек. Таңдаған мамандығым ұстаздық, болашақ ұлтжанды азамат тәрбиелеп өсіру болғандықтан заман ағымынан қалмай, оқушыларыма да сол тұрғыда білім мен тәрбие беру – педагог ретіндегі басты борышым, міндетім деп түсіне-мін. Сондықтан қай ұстаз болмасын білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп тұрғаны абзал. Осының бір дәлелі ретінде Қостанай қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында педагогикалық біліктілігімді арттырғаныма қуандым.
Деңгейлік бағдарламаның бірінші деңгейінің шеңберінде үш айлық курста оқып, білім алдым. Курсқа келген мұғалімдерді топ-топқа бөле бастады. Біздің топтың тәлімгері Балқадиша Ардабаева екендігін естідік. Жан-жақтан жиналған ұстаздар қауымы бірден тіл табысып, үйренісіп кеттік. Сол күні курс-та оқыту дегеніміз не, ол қалай жүзеге асырылады? сынды сұрақтар төңірегінде ой қозғап, пікір алмастық. Мұғалімдердің өзара ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс маңыздылығы айтылды. Топтарға бөлінген ұстаздар "Мінсіз оқушы қандай болуы керек?" деген тақырыпта сурет салып, ой-пікірлерімізді айта отырып, кезекпен түсін-дірдік.
Әр оқушының бойындағы дарындылығы мен талабын ұстаз ғана байқай алады. Олардың эмоциялық, әлеуметтік және танымдық әрекеттерін де жіті ұғына білген абзал екен. Топтық жұ-мыстар арқылы оларды бірлес-тікке, достық пен жаңашылдыққа баулуға болады. Мінсіз оқушы – отбасы тәрбиесінен негізделетінін де айта кету керек.
Бізге тәжірибе беру мақсатында ашық сабақ үлгілері де интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Бақылаушы, тыңдаушы, үйренуші болып үш адамнан тұратын топ құра отырып, өз білетіндерімізді өзгемен бөлісу үшін тәжірибе алмастық. Жеті модуль арқылы сабақ жүргізу, осы қағидаттарға сүйену басты құралымыз екендігін курста түсіндік. Жан-жақты пікір алмасып, ой бөлістік. Тәлімгер айтқан ақпарат пен қасымыздағы адамның пікірлері өзіміздің пікірге ұласа отырып, біраз мәліметтермен қанық болдық. Білмеген оқыту технологиялар бойынша хабар алып, жаңа заман ұрпағын оқыту, тәрбиелеу жолдарын үйрендім. Өзім сынды мұғалімдермен пікір алмаса отырып, тәжірибеме көптеген өзгерістер енгіздім деп санаймын.
Алдағы уақытта осы айтыл-ғандардың барлығын пайдаланып, жақсы сабақтар жүргізіп, жаңашыл мұғалім болуға тырысамын деген ойдамын. Ең бастысы балаға сабақта еркіндік бере отырып, ой еркі мен сөйлеу еркінен шектемеу керек, сонда ғана білім шыңына жетеріміз анық.
Ақгүл ӘЛІМОВА,
Мичурин орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Қостанай ауданы.