Барынша сақ болайық, ағайын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу жариялады. Мемлекет басшысының халыққа жолдаған бұл үндеуін мен де тыңдадым. Өз басым, Президент бастамасын толық қолдаймын. Жасыратыны жоқ, әлемге таралған жұқпалы індет біздің елімізді де айналып өтпей кеткен жоқ. Елімізде карантин режимі ерте енгізіліп, сақтық шаралары уақтылы жасалды дегенмен, соңғы кездері ауру жұқтырғандар саны күн санап артып, тіпті көз жұмғандар қатары да көбейіп жатыр. Жаратқан ием, сырқатпен күресіп жатқан әрбір жанға күш-қуат, емдеріне шипа бергей. Қара жамылған жұртқа бәріміз де қайғырып көңіл айтамыз. Президентіміз де отандастарымызды халқымыздың басына түскен сынақ алдында қайсарлыққа, сабыр мен жауапкершілікке шақырып, бүгінде қара жамылған әр қазақтың шаңырағына көңіл айтты. 13 шілдені Аза тұту күні деп жариялады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, біз бірлікте күш біріктірсек ғана бұл қиындықтан құтыламыз. Ол үшін қатаң санитарлық нормаларды сақтап, қажеттілік туындамаса үйден, пәтерден шықпау қажет. Індетті жеңу өз қолымызда, сол себепті де біздің жауапкершілігіміз дерттің таралуын төмендеді. Балаларымыздың денсаулығы мен болашағы да бізге байланысты. Сол себепті де, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!
зожка
А.САДУАҚАСОВА,
Облыстық СӨСҚПО-ның атқарушы директоры

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓