Алда – жауапты кезең

         Біздің облыста биыл 4793 түлек мектеп бітірді. Оның 186-сы «Алтын белгіге» және 182-сі үздік аттестатқа үміткер. Алда ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы тұр. Жауапты кезеңге аймақ түлектерінің дайындығы туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюкке қойған болатынбыз.images
-ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Биыл қандай ерекшеліктерге ие?
-Мектеп түлектерінің алдында кәсіби жолды таңдау, маңызды және жауапты кезең тұр. Оның үстіне, биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылы жариялап, қолжетімді және сапалы білім алуға үлкен мүмкіндік берілді. Биыл Мемлекет жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 69 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары. Бұл дегеніміз, түлектер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік зор деген сөз. Бірақ, бірінші Ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімінен сәтті өту қажет. Біздің облыста мектеп және колледж түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді 21-29 маусым аралығында тапсырады. Тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: үш негізгі пән міндетті (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы). Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады. Жоғары оқу орындарында оқуға құқықты алу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша білім берудің жекелеген салаларын қоспағанда («педагогикалық ғылымдар», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» − кемінде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»кемінде 65 балл) кемінде 50 балл жинауы қажет. Былтыр біздің облыстың 2858 мектеп түлегі ҰБТ тапсырды, оның 90%-ы (2580) еліміздің жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Биыл біздің 3000-нан астам түлегіміз тестілеуге қатысуды жоспарлап отыр. Оларға сәттілік тілеймін. Жақсы нәтижелерге қолжеткізеді деген сенімдемін.
-Осы бір сынақ кезінде талапкерлерге қандай кеңес бересіз?
-Бірақ ҰБТ-ны табысты тапсырудың маңызды факторы – дұрыс психологиялық көңіл-күй екенін естен шығармау керек. Бұл мәселе бойынша психологтар мынадай кеңестермен бөліседі:
Емтихан алдында түні бойы материалды жаттауға болмайды. Оның орнына,  серуендеп, достарыңызбен сөйлесіп, көңілді фильм көру керек. Бұл ағзаның, мидың дем алуына көмектеседі. Тест тапсыру күні жақсылап ұйқыны қандырып, тамақтанып алған дұрыс. Емтихан алдында тынышталып, демалу және жақсы нәрселерді ойлаған өте маңызды. Бұл үрейді жоюға, жүйкені тыныштандыруға, ойларын жинақтауға көмектеседі.22c6626c3af169dd2b782a937191bde0
Бірақ, егер сіз ЖОО түсу үшін қажетті балл жинай алмасаңыз, есіңізде болсын, бұл өмірдің соңы емес! Кез келген жағдайдан шығудың жолы бар екенін ұмытпау керек. Мысалы, талапкерлер тамыз айында ҰБТ-ны қайта тапсыруға және ақылы бөлімге түсуге болады. Немесе ЖОО-ға шартты түрде қабылдануға және қаңтар айында ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беретінін ескерген жөн. Одан әрі оқуда ерекше көзге түскен студенттерге бос орын болған жағдайда тегін оқуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Балама ретінде, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат талап етілмейтін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу мәселесін қарастыруға және білікті маман атануға болады. Бірнеше нұсқалары бар. Ең бастысы, сабырлық, туыстарыңызбен, жақындарыңызбен, сенетін адамдармен кеңесе отырып, сіз міндетті түрде дұрыс шешім қабылдаңыз.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓