ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

33333

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының кітапханасымен ұйымдастырылған «Елін сүйген Елбасы» атты үздік музей сабағына педагогтардың шығармашылық шеберлігін анықтайтын республикалық онлайн байқауында Қостанайдағы NIS мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Надежда Лосева және педагог-ұйымдастырушы-куратор Раушан Молдабекова 1 және 3 орынға ие болды.

222

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мерейтойына арналған шығармашылық байқауға әр облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқытушылары мен кураторлары қатысты.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттің қалыптасуы, Тәуелсіздік алу, Қазақстанның халықаралық кеңістікке интеграциялануы, елдің экономикалық және мәдени жаңғыруы, тұрақты дамуын нығайту жолындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін ашу. Сондай-ақ музейлік білім беру саласындағы әріптестік пен білім және мәдениеттің дамуына ықпал ету. 

Қатысушылар өз жұмыстарында оқушылармен музейлік құндылықтарды меңгеру үрдісін тиімді ұйымдастыра білу және музейге жиі келу мен музейлік коммуникацияға қосылудың қажеттілік деңгейіне жеткізетін қызығушылықты дамыту іскерлігін көрсете білді.

Байқауға қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеудегі өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ол туралы Елбасы кітапханасының сайтында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Надежда Лосева:«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлгісімен біз қазіргі ұрпақты нағыз патриот болуға, болашақта еліміздің лайықты азаматы болуға үйрете аламыз» деп өз ойымен бөлісті.

– Адамның осы өмірде белгілі бір өз орны болады, менің де бұл өмірдегі алар орным ерекше, себебі мен мұғаліммін және мектеп телестудиясының жетекшісімін. Ұзақ уақыттан бері жасап келе жатқан жұмысым маған қатты ұнайды. Байқауға қатыса отырып, бір үлкен мақсатты көздедім, яғни өзімнің басты педагогикалық миссиямды жүзеге асыру арқылы: жас ұрпақтарға шынайы борыш пен патриотизм сезімін оятуға тәрбиелеу. Аталмыш байқау мен үшін жас ұрпақты тәрбиелеуге бей-жай қарамайтын әріптестеріммен өз тәжірибеммен бөлісуге мүмкіндік берді», – деп орыс тілі мұғалімі Надежда Лосева өз сөзін аяқтады.

111

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓