Түлектердің жұмыс жәрмеңкесі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында ЖОО бітіруші түлектерді алдын ала жұмысқа қамту жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге: Қостанай, Ақмола облыстарынан аудандық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты. Изображение 023
Аталған білім ордасында 2015-2016 оқу жылында 297 бітіруші диплом алмақшы. Жұмыс жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша барлық бітіруші түлектердің 30 % жұмыс орындарына өтініш білдірді.
– Жас мамандардың жұмыс жәрмеңкесі институтта жыл сайын сәуір айында дәстүрлі өткізіліп тұрады. Биылғы оқу жылында министрліктің тапсырмасына орай екі мәрте өткізу жоспарланды. Сондықтан, түлектердің жұмыс жәрмеңкесі алдағы көктемде де жалғасын табады, – дейді институттың бітірушілерді жұмысқа орналастыру жұмыстарына жауапты маманы С. Махина.

   

Мұрат Жүнісұлы
Суретте: Жәрмеңкеден көрініс
                                                                            Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓