Ұрпақ тәрбиелеу жолында қанатымыз ұшталар
ән – күй пәнінің мұғалімі Қызғалдақ ДҮЙСЕНОВА
Мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институтының музыка факултетін тәмамдап, 2014 жылы осы ауылдағы мектепке “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша келдім. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсінген адамға мүмкіншілік мол. Өз мамандығым бойынша ән – күй пәнінен дәріс беремін. Оқушылардың әнге деген құлшыныстары өте жоғары. Өнерлі жандардың барлығы ауылды жерлерден шығады дегенге шынымен көзім жетті”, – дейді жас маман. Қызғалдақтың айтуынша тынымсыз ізденістің арқасында облыс, республикаға танымал өнер иелерін дайындап шығатындығына сенімім мол. Жоғарғы оқу орындарын бітірген жас мамандарға айтарым жұдырықтай жұмыла, ауылдың гүлденуіне атсалысайық.
орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ақгүл КӘДІРХАНОВА
Ақгүл Бәкіржанқызы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институтының педагогика және филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білім алып, 2013 жылы тәмамдаған. 2014 жылы “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы аясында арнайы жолдамамен аталмыш мектепке өз мамандығы бойынша келген. Математика, орыс тілі, ағылшын пәнідеріне біздің аудан мектептері бірден – бір сұранысқа ие. Ақгүлдің айтуынша алғашқы кезде оқушылар орыс тілін үйрену үшін қиынға соққан. Дегенмен балалардың оқуға деген құлшыныстары өте жақсы. Ең бастысы оқушының бойында пәнге деген қызығушылық пен талпыныс болмаса ұстаз еңбегінің бекер кеткені. Ақгүл қазіргі жаһандану заманында жаңа технологиямен заманға сай алған білімімді оқушыларға үйрету – басты парызым деп санайды. Сондықтан алдағы уақытта аянбай еңбек етіп, үлкен нәтиже шығарарына сенімді. Келер күн қашанда өз жемісін береді.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ