Саумал ішсек, сауығамыз

Құрметті оқырман қауым! Біз ғалым емеспіз, қарапайым мал дәрігері  әрі ЖОО-ның  аға оқытушыларымыз. Сондай-ақ, бұл жазбамызда ешқандай жаңалық ашқалы отырған жоқпыз. Бірақ, бүгінде әлемді жайлап, күн өткен сайын қаншама өмірді жалмап жатқан коронавирус індетінің қаупі ет пен сүйектен жаралған адам ретінде біздің де жанымызға қатты батады. Оған қарсы ем-дом мен дәрі-дәрмек іздеп табу үшін дүние жүзінің ғұламалары бас қатыруда. Соған байланысты, бала кезімізде елдегі қариялардан естіген бір әңгіме есімізге түсіп, ойымызды ортаға салғанды жөн көрдік.unnamed
Тәжірибе көрсеткендей, коронавирустың таралу және жұғу белгілері кәдімгі тұмаумен ұқсас болып шықты. Халқымыз осы орайда «Тұман аяғы – жұт, тұмау аяғы – кұрт» деген сөзді тегіннен-тегін айтпаған. Ал, құрт дегеніміз – туберкулездің нағыз өзі. Мен айтқалы отырған оқиға да сол туберкулезге тосқауыл туралы…Өздеріңізге белгілі, халқымыздың ғұлама ғалымы Қаныш Сәтбаев өткен ғасырдың 20-шы жылдырында Ресейдің Томск қаласының политехникалық институтын оқып бітірген. Сонда жүріп, туберкулез ауруын жұқтырып алады. Бұл дертке ұстазы, профессор Усов та шалдыққан екен, содан екеуі Қаныштың әкесі Имантай бидің шақыруымен оқуы мен жұмысын уақытша тоқтатып, елге, Баянауылға екі-үш айға келеді. Имекең мұнда олар үшін арнайы бие байлатып, қауіпті кеселді қымыз бен қазының күшімен емдейді. Ол күнделікті жылқыны өріске жіберер мезгілде қымыз толы торсықтың ішіне бір білем шикі қазының майын салып, асау тайдың мойнына байлап, қоя беретін көрінеді. Таңертеңгілік оны ағытып алып, әбден шайқалып, еріген қазының майы бетіне жүзген қымызды екеуіне кезек-кезек ішкізеді. Осыдан кейін Қанағаң мен Усов та екі айдың ішінде ауруларынан құлантаза айығып, Томскіге қайта оралады. Сондықтан да, өкпе құртының қоздырғыштарын құртуға қуаты мен құдыреті жеткен қымыздың коронавируске де қарсы тұрарлық қауқары барлығына күмәнданбаймын. Ендеше коронавирусқа қарсы осы бір қазақы емді қолданып көрсек қайтеді?! Сол үшін де еліміздегі жылқылы байлар мен шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер бұл іске белсене ат салысып, осындай әдіспен дайындалған қымызбен қауіпті дертті жұқтырған және науқастан-ған адамдарды күн сайын қамтамасыз етіп отырса, жер жаһанға үрей мен қорқыныш әкелген кесапаттың да беті қайтар деген ойдамын. 
Ал, енді, Имантай би туберкулезді тұншықтыру үшін неге қымыз бен қазыны қолданды дегенге келсек, осы екі тағамның құрамы мен емдік қасиетіне көз жіберіп көрелік.                                                                                                                                        
Ең әуелі, бие сүті қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың бірі болған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды, атап айтқанда, өкпе ауруларын емдеуге, қан айналу жүйесін қалыпқа келтіретіні, қандағы қан түйіршіктері мен гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған. 
Ал, жылқының қазысында адам ағзасына пайдалы мынадай заттар кіреді екен: амин қышқылдары, ақуыздар, майлар, көмірсулар, А, В және Е тобындағы дәру-мендер, минералдар. Қазының калориялысы айтарлықтай жоғары, сондықтан құнарлылығы да жоғары. Міне, Имантай би де қымыз бен қазының осы емдік қасиеттерін білген ғой. Тағы да қайталап өтейік, біз бір жаңалық ашып отырған жоқпыз. Бұл халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесінен алынған.
Қазір әлемді дүрліктіріп отырған коронавирус індетіне қарсы ең басты мәселе – иммунитетті күшейту. Сол үшін неге осы қазақы емді қолданбасқа? Егер осы емнің отандастарымызға және басқа ел азаматтарына шипасы тиіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.                           
                   Баймұқан Темірбекұлы, Жүрсін Сұрағанұлы,
А .Байтұрсынов атындағы ҚМУ
Ветмедицина кафедрасының аға оқытушылары
                                                                                 Қостанай  қаласы.  2.07.2020 ж.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓