Педагог мамандар әлі де тапшы

Өңірімізде жыл басынан бері білім беру саласы мамандарының кадрлық резерві қалыптастырылып, жұмыс істей бастады. Осының нәтижесінде өңірде педагог ұстаздар тапшылығы мәселесін шешу жоспарлануда, дейді облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменова облыс әкімдігінде өткен кеңесте.
Аймақтың бірқатар өңірлерінде педагогикалық кадрларға деген қажеттілік елуден асады. Барлық пәндер бойынша мұғалімдер, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, дефектологтар тапшы.
«Өңірлер бөлінісінде Әулиекөл, Жітіқара және Қарасу аудандарында үлкен қажеттілік байқалады. Білім беру ұйымдарының басшыларына да қажеттілік бар. Бүгінгі таңда ол 52 бірлікті құрайды. Осы проблеманы шешу үшін қаңтар айынан бастап облыстық кадр резерві қалыптастырылды, оны оқыту бойынша мектеп жұмыс істейді, бұл басшы кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты жақсартатын болады», – деп хабарлады басқарма басшысы.
Сонымен қатар, өңірде кадрлардың қартаю проблемасы да жоқ емес. Бүгінде білім беру ұйымдарында 32 зейнеткер басшы жұмыс істейді, олардың ішінде 5 жыл қатарынан шартты ұзартқандары бар.
«Өздеріңіз білетіндей, білім беру саласы өте серпінді, ең алдымен барлық жаңалықтар мен өзгерістердің белсенді «хабаршысы» болуы керек. Ал бір мекеменің басқарушы лауазымында ұзақ уақыт болу жұмыстағы белсенділікті төмендетеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Сондықтан осы жылы ротация институты мемлекеттік қызметтің оң тәжірибесіне ұқсас құрылды», – деп қорытындылады З.Байменова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓