COVID-19: +52

3 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында  коронавирус инфекциясын 52 адамның жұқтырғаны белгілі болды.
Оның 25-і Қостанай қаласында, 20-сы Рудный қаласында , бесеуі Қашар кентінде және Тобыл қаласы мен Қостанай ауданында бір-бір адамнан тіркелген.
Бұрынырақ науқастанған азаматтармен байланыста болуына, сондай-ақ ЖРВИ белгілерімен өз бетінше жүгінулеріне байланысты, бұл азаматтардан зертханалық зерттеулерге сынамалар алынды. ПТР анализінің қорытындысы олардың дерт жұқтырғанын көрсетті.
Барлық байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды.
Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
3 шілдедегі жағдай бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясын 1045 адам жұқтырғаны белгілі болып отыр. Жазылып шыққандар саны – 329.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓