Мемлекеттік қызметшінің имиджі

Қостанайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық әдеп стандарттары: тәжірибе және жетістіктер» атты республикалық форум өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы, олардың тәжірибелері мен жетістіктерін талқылауға арналған жиынды арнайы мониторингтік топ жетекшісі, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева жүргізіп отырды. 

DSC_0582
Алдымен, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстың биылғы жеткен жетістіктерін ортаға салды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет пен азаматтық қоғамның рөліне тоқталды.
– Осындай ауқымды этикалық пікірталастың біздің облыста өткенінін қуаныштымыз. Бұл біздің мемлекеттік қызметшілерге үлкен тәжірибе. Өңірдегі мемлекеттік органдар азаматтық қоғам ұйымдарымен тығыз байланыста. Қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдарла 3,5 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Жемқорлықпен күрес белсенді түрде жүргізлуде. Осы жылдың 9 айы ішінде этикалық тәртіп бұзушылық деңгейі төмендеді. Қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа жол бергенде бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесі пысықталуда, – деді Сергей Карплюк. 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппарат жетекшісі Саян Ахметжанов Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы мәлімет берді.

DSC_0569-800x500
– Өткен 9 айда Әдеп жөніндегі кеңес 117 отырыс өткізді. Ол жиындарда 529 сұрақ талқыланды. Этикалық тәртіп бұзған 271 лауазымды тұлға жазаланды.  2015 жылдан бастап есепке алсақ, этикалық тәртіпбұзушылықтың азайғанын байқауға болады. Сол жылы 338 тұлға тәртіп бұзса, биыл оның саны 182-ге қысқарды. Ал былтырғы жыл біз үшін ерекше.Танымал «Transparency International» рейтингі бойынша біздің елімізде жемқорлық ахуалы төмендеді. Қазақстан өз тарихында бірінші рет 31 ұпайға ие болды, – деді Саян Ахметжанов. 
Саян Ахметжанов биылғы жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік орталық және жергілікті органдарда жаңа еңбекақы жүйесі пилоттық жоба ретінде енгізілгенін айтты. 
Форумда БҰҰ Даму бағдарламасы Тиімді басқару департаментінің директоры Константин Сокульский, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Альтаир Ахметовтер баяндама оқыды.
 

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓