Арқалықтағы қайғылы жайт: басқарма үндеу жариялады

Арқалық қаласында тұрғындардың жаппай улануы оқиғасына қатысты облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өкілдері өңір жұртшылығына ескерту жариялады.original
2020 жылдың 3 шілдесінде бірнеше адам этанолдан уланды. Салдарынан әр жастағы және әр әлеуметтік деңгейдегі 11 адам көз жұмды. Тағы 2 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК 306-бабы ("Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Осы оқиғаға байланысты, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы облыс тұрғындарынан күмәнді орындарда алькоголдік ішімдіктер тұтынбауды сұрайды. Бұған қоса, алкогольдік өнімдерді сатып алған жағдайда бөлшек сауда нүктесінің сәйкес рұқсатнамасы, ал өнімнің акциздік алымының маркасы бар екеніне көз жеткізу керегі ескертіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓