Үздік көрсеткіш – 136 балл

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Сынақ қорытындысын Қостанай облысы да шығарды.2020_06_02_11ubtformat1
Сынақ алдында облыста 3 651 түлек ҰБТ-ға қатысады деп жоспарланған-ды. Алайда 353 талапкер емтиханға келмеген. Мұның сыртында, 34 оқушы сынақ үстінде аудиториядан қуылды. Оған себеп – олар өздерімен бірге тыйым салынған заттар алып кірген. 
Енді бұл оқушылар тамыз айында тағы бақтарын сынап көрмек. Мұндай мүмкіндік наурыз айындағы тестілеуге өтініш беріп, ТЖ режиміне байланысты сынақтан өте алмай қалған үміткерлерге де беріледі. Бұл қайта тапсыру оларға ЖОО-ларға ақылы негізде оқуға түсуге жол ашады.
Осы жолғы ҰБТ-да Арқалық қаласында сынақ тапсырған оқушы облыста ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Ол 140 балдың 136-сын жинаған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓