Елбасыдан бата алған

Зарина Кокжанованың есімі көпшілікке жақсы таныс. Бүгінде «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті және «Дара бала» қорының директоры. Ал кезінде мемлекеттік қызметтен гөрі кәсіпкерлік саланы таңдаған Заринаның болашаққа деген жоспары да сан қырлы болды. Кәсіпкерліктің – сұраныстан туындайтынын білген ол өзін бірнеше салада бақылап көрді. Әр бастаған ісі сәтті жалғасын табатын. Күзет агенттігі, балет мектебі сияқты бастамаларының бәрі де сұранысқа ие. Осы балет мектебінің ашылуы Елбасымен тығыз байланысты. Олай дейтін себебіміз, бұл мектепті ашу идеясының өзін Елбасы Н.Назарбаев бағыттаған болатын. Ол Елбасымен кездескен сәтті ерекше толқыныспен еске алады.Без названия (3)
-Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күні мерекесі де келіп қалды. Бұл күн Елбасының туған күнімен тұспа-тұс келетінін бәріміз де жақсы білеміз. Нұр-Сұлтанның астана болып құрылуында ол кісінің еңбегі зор. Елбасымен алғаш рет 2017 жылы кездестім. Мені 8 наурыз мерекесі қарсаңында жас кәсіпкер ретінде Ақордаға арнайы шақыртты. Елбасы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, әрбірімен  әңгімелесіп, мерекелік көңіл күй сылады. Елбасының бойындағы ерекше қуатты бәріміз де сездік. Айналасында не болып жатқанын көріп, естіп, бақылап отыратынын бірден бақыладық. Ол әркімнің не айтқанын, қандай оймен бөліскенін бәрін-бәрін тыңдап, әрі жауап беріп үлгеріп отырды. Мұндай қасиет екенің бірінде бола бермейді. Біз неге тұңғыш Президентімізді Көшбасшы ретінде танығанымызды мен сол жолы жақсы түсіндім. Оның бойындағы қуаттың күшітілігі сондай, қасында тұрғанда бәріміз де қалықтап, ұшып тұрғандай болдық. Мен өмір жолымда қанша адаммен кездессем де мұндайды алғаш көруім. Бізді сол күні еліміздің әр түкпірінде көрсетіп жатты. Ол біздің әрқайсысымызбен жеке-жеке сөйлесуге уақыт тапты. Ең таңқаларлығы әр саланы өте жетік меңгерген. Менімен кәсіпкерлік жайлы сөйлесті. Бұл салада білімді екен. Маркетинг, менеджмент, сапа, пайда, ғылым, өнер бәрі-бәрі жайында жан-жақты сөз қозғағанда таң қалдым. Бір адамның бойына осынша қасиет қалай ғана тоғысқан екен?unnamed
Елбасының жайдан-жай Президент болмағаны белгілі. Қарапайым адам бүтін бір елді аяққа тұрғыза алмайды. Ол үшін күш, қайрат, білім, пайым керек екені белгілі. Мен Елбасының батасын алған адаммын. Сол кездесуде «өмір жолыңда ештеңеден қорықпай, тек алға жүр» деп ақылын берді. Сол шақта мен күзет агенттігін кәсіп ретінде дөңгелентіп жүрген едім. Осы жағдайды білген соң жол сілтеп, ақылын қосты.
Елбасымен әңгімелескенде тағы бір іспен айналысқым келетінін айтып, ой бөлістім. Ол ой қосып, жол көрсетуші болды. «Аймақта не жетпейтінін бақыла» деген еді. Мен содан кейін барып, балет студиясын аштым. Бұл бастама әлі күнге жемісін беріп келеді. «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубы да осы кездесуден соң еліміздің өзге өңірлерінде ашыла бастады.. Осы кездесуден менің жолым ашылды, ісім өрлей бастады.7e2dab57c53a53e143b9a7f9625b85e1
Осы кездесуімізде ол өзінің жеке жұмыс бөлмесін көрсетіп, бәрімізге таныстырды. Кейін мұндай жағдай болған емес. Осы кабинетке кіріп барғанымызда жанымдағы қыздарға қарап: «қыздар, мұндай күнде бола бермейді, іштеріңнен тілек тілеңдер» дегенім есімде. Сол шақта ішімнен «Елбасына ұқсайтын, сондай парасатты, білімді, қайратты көшбастай алатын ұл бала тусам екен» деп тілек тіледім. Сенесіз бе, менің тілегім қабыл болды. Мен бес жыл бойы бала көтере алмай қиналып жүрген едім. Сол кездесуден кейін менің ең басты тілегім орындалды. Бір жылдан соң ұлды болдық. Ұлымыз Елбасы сияқты болсын деп ырымдап, есімін Әлинұр деп қойдық. Менің ұлым да көпшіл, кішкентай болса да тұлға ретінде қалыптасып келеді.  
Міне, Елбасымен кездесу менің өміріме осындай өзгерістер әкелді. Елбасының батасы қабыл болды деп ойлаймын. Менің кәсібім өрге басты, өзіме сенімдігілім артты. Сонша жыл өтсе де Елбасымен тағы да кездескім келер еді. Бала кезден туыстарыма «мен Президентпен міндетті түрде кездесемін» деп көп айтатынмын. Менің бала күнгі арманым орындалды.
Елбасының саясатын қолдап, әр бастамасынан тыс қалмай, өз үлесімді қосып келемін. Осындай қиын шақта да «Біз біргеміз» қорына бар көмегімді беріп, жақында Алғыс хат алдым. Елбасы Президенттіктен кетеді дегенде жылағаным есімде. Ол күні жұмыстармен Қарағанды қаласында жүр едім. Мен үшін елдегі ең бірінші тұлға ретінде Елбасымыз Н.Назарбаев болып қала береді, – деп жүрекжарды лебізімен бөлісті Зарина.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттер интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓