11 адам опат болды
Арқалық қаласында адамдар этанолдан уланып мерт болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Тәулік ішінде көз жұмған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Алғашқы жәбірленуші 3 шілде күні таңғы сағат 5:20-да шағымданған. Сол күні бірінен соң бірі нақ сондай науқаспен 11 адам мерт болды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын ҚР ҚК 306-бабы бойынша ("Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету") бастады. Арнайы сараптама қолға алынды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық істің барысы бақылауға алынды.