Бүгін Астана қаласының ескі алаңында Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Естеріңізге салсақ, астықты аймақтың кәсіпкерлері елордаға азық-түліктің 100-ге жуық түрінен 400 мың тонна өнім апарды.
Тауарадың бағасы Астана нарығындағыдағыдан 15 пайызға арзан. Бұл жәрмеңкеге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те қатысты.
Айта кетерлігі, сауда-саттық мерекесі аясында А.Мұхамбетов Астана әкімдігімен екі тарапқа да тиімді меморандумға қол қойды. Яғни Тобыл-Торғай өңірінің саудашылары бұдан былай "Шапағат" базарына делдалсыз жеміс-жидек әкеп сатуға мүмкіндік алады. Келесі аптадан бастап Қостанайдан Астанаға 10-15 тауар өндіруші барады.
Суреттер Қазақпарат порталынан алынды