Жәрдем шақыру – 5 400 теңге

Халықтан коронавирус инфекциясына анализ алуға ақылы жедел бригадалар жолға шығады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады zakon.kz.21573_700x700
"Қазір емханаларда және жедел жәрдем қызметтерінде мобильді бригадалар құрылып жатыр. Олардың тарифтері бекітілді – 5 400 теңге тұрады. Жедел мобильді бригадалар, егер адамдар КВИ немесе ЖРВИ симптомдарымен шақыра, барып тест алады. Қорытындыларын учаскелік дәрігерге береді", – дейді А.Ғиният.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да вирустық аурудың жеңіл түрімен науқастанған қазақстандықтарға мобильді жылжымалы бригадалар кемек көрсететінін айтқан болатын. Қазір елдегі мұндай бригадалардың саны 380-ге жеткен, олардың санын 3 мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр.
Мәлімет бойынша, республикалық бюджеттен 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынып,өңірлерге үлестірілгелі отыр. Олардың алғашқы легі шілде айында келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓