АӘК алу үшін құзырлы орындарға жүгінудің қажеті жоқ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың екінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төлемдерді үшінші тоқсанда ұзартуды көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектік мерзімін үш айға автоматты түрде ұзарту да қарастырылған. Бұл шаралар азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға бағытталған.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Устиновтың айтуынша, бірінші кезекте АӘК отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер нақтыланатын болады, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркелу), жылжымайтын мүлік, көлік, кірістер және басқалардың бар болуы. Егер де отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, өтініштер қолда бар деректер негізінде құрылады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі. Ал, екінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК-ті алғаш рет тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайтын болады. Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттар азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұралады.
-Биыл елімізде атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа моделі енгізілді. Ол тоқсан сайын тағайындалады. Айта кетейік, бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төтенше жағдай режимінің сол кездегі қолданылуына байланысты төлемдер тағайындау мерзімін екінші тоқсанға ұзартқан болатын. Екінші тоқсанда мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 561 мың қазақстандық АӘК-ті автоматты түрде алды. Сол уақытта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу сырттай электрондық өтініш негізінде реттелді. Карантин енгізілген сәттен бастап 5 мыңға жуық сырттай куәландыру жүргізілді. Ал, Қостанай облысында 3900 отбасы немесе 17 мыңнан астам адам осындай көмек алды, – дейді Максим Устинов.
Айтуынша, қазір Еңбек министрлігі бұйрық жобасын дайындауда, ол бойынша өтініштер автоматты түрде қалыптастырылатын болады. Сондықтан мамандар екінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардан құжаттарды жаңарту үшін аудандық және қалалық жұмыспен қамту бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына барудың қажеті жоқтығын ескертеді. Өйткені, бұл мәлімдемелер “Е-Халық” ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жасалады. Сонымен қатар, кіріс екінші тоқсанға есептеледі. Ал, бірінші рет АӘК-ге өтініш бергісі келетіндер мұны электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимде жасау керек болады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓