Орталықтар жұмысы тоқтамайды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылатыны туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті.49df99c4-e0f6-4d1d-81cb-2ba79cbd2b16
Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚКО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.f45bdd38-7cd7-4789-813c-4736071d7ee3
Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.b9ccbb1b-2dfb-4035-9564-4a4eb8f5ec6b
Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан  ХҚКО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.
Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.cb4fa648-16f6-49e4-91a3-2eda137b787c
Осыған байланысты, қазақстандықтарға, мүмкіндіктерінше, ХҚКО-ға барудан бас тартуға және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни. egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз.
Жақындарыңыз бен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓