“Менің Қазақстаным”

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай  Достық үйінде             "Менің Қазақстаным" атты облыстық фестиваль өтті.Ассамблея лог
 Байқауға этнобірлестіктердің өкілдері (әншілер, вокалдық топтар, хор ұжымдары, музыканттар) өз өнерлерін ортаға салды. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетке, дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Аталмыш байқауға өнерлі өзге ұлт өкілдері белсенділікпен қатысты. Бірақ жеңімпаз тек біреу ғана. Ол Алтынсарин ауданынан келген Виктор Фисюк.
Виктор ұлты қазақ болмаса да қазақ әндерін нақышына келтіріп айтады. Әдемі дауысы жанға жайлы. Бұл жолы ол "Дудар-ай" әнімен ерекшеленіп, жеңімпаз атанды. Бірнеше аспапта ойнайтын жеңімпаз Алтынсарин ауданындағы мәдениет үйінің әдіскері. Ол Қостанай облысының атынан Астана қаласында өтетін республикалық фестивальге жолдама алды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓