Бәріне бірдей орын жоқ

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде коронавируспен ауыр және орта дәрежеде ауырып жатқан адамдар ғана ауруханаға жатқызылатынын мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі жазады.cc2959fe-92a3-4e89-a0c0-0ca8ba921a3a
«Қазіргі таңда коронавируспен ауыр және орта дәрежеде жатқан науқастар ғана ауруханаға жатқызылады. Сонымен қатар, КВИ расталмаған, алайда пневмониямен түскен адамдар да ауруханада емделеді. Ал КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретіндер амбулаториялық жағдайда емделуі тиіс. Себебі онсыз да стационардағы төсек-орын бос емес. Сол себепті КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтар үйінде емделіп, уческелік дәрігердің бақылауында болуы тиіс», – деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі ПТР-тестен өту құны – тестің өзінің сатып әкелінген бағасынан неліктен қымбат екенін де түсіндіре кетті.
«Бұл жерде төлем ПТР-тест үшін ғана жасалмайды. ПТР-тестілеу қызметі үшін де ақы алынады. Ол төлемге тестің өзі ғана емес, бұл қызметті жүргізуге қажетті материалдар шығыны да кіреді. Яғни онда 40-қа тарта зертханалық бұйым бар: материалдарға арналған зонттар, көліктік орта түтігі және тағы басқалар», – деді Людмила Бюрабекова.
Вице-министрдің айтуынша, бұл қызмет құнына медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдары мен айлығы да кіреді.
Вице-министрдің атап өтуінше, пациенттің дене қызуы 3 тәуліктен астам уақыт болмаса, респираторлық симптомдар азайса, ренгендік компюьтерлік томография барысында өкпеде оң динамика байқалса және басқа да оң өзгерістер кезінде науқас амбулаторлық емдеуге ауыстырылады. Аурудың орташа және ауыр түрін бастан кешірген реконвалесценттер стационардан жазылып шыққаннан кейін медициналық бақылау үй жағдайында жалғасатын болады. Бақылау уақыты реконвалесценттің жалпы жағдайына байланысты дербес анықталады.
Осы жолы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамды жерлеу тәртібіне енгізілген өзгеріс туралы да айтты.
«Шынында да, коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Ендігі уақытта КВИ-дан қайтыс болғандарды басқа жағдайда жан тапсырғандармен бір зиратта жерлеуге болады. Алайда санитарлық-дезинфекциялық талаптар қатаң сақталуы керек. Сонымен бірге жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың саны шектеулі болуы тиіс», – деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓