Мәдениет мамандары марапатталды

Астана күні мерекесіне орай, Қостанайда аймақ мәдениеті саласында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бірқатар қызметкер марапатталды.мәдениет
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның мәжіліс залында өткен салтанатты рәсімге санаулы адам қатысты. Олардың қатарында музей, театр, кітапхана қызметкерлері бар.
­"Қазіргі күрделі ахуалға байланысты, бүгінгі ресми салтанатқа Қостанай қаласының өзінен санаулы ғана адам келіп отыр. Бұл жолы облыс орталығынан тыс жатқан қалалар мен аудандарға шақырту жіберілген жоқ. Сондықтан қалған қызметкерлердің марапаты жергілікті жерлерде табыс етілетін болады", – деді мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.      
Жиынға қатысушыларға "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.
Аймақ басшысының Құрмет грамотасына ие болған Нәзима Оташева 15 жылға жуық облыстық Тарихи-өлкетану мұражайында қызмет етіп келеді. Біраз жылдан бері музейдің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымында.
«Құрметті әріптесіміз, музейіміздегі ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Оташева Нәзима Қуанышбайқызын еңбектегі жоғары жетістіктері үшін берілген облыс әкімінің Құрмет грамотасымен құттықтаймыз! Ұжым атынан зор денсаулық, жалынды күш-жігер, шығармашылық ізденістер және жарқын бастамалар тілейміз!», – деп лебіздерін арнады әріптестері.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓