“Алтын микрофон” халықаралық байқауы басталады

22-24 сәуір аралығында Қостанай қаласындағы Жастар сарайында "Алтын микрофон-2022" ХІХ халықаралық әншілер байқауы өтеді.
Мәлімет бойынша байқаудың халықаралық кезеңінде ұзын саны 49 жас әнші бақ сынасады. Фестивальге Қазақстанның барлық облысынан және Қырғызстан, Армения, Болгария сынды алыс-жақын шетелдерден үміткерлер қатысады. 
Алғашқы сынақ жұма күні 17.00-де басталады. Байқауда үміткерлер "кіші санат", "орта санат", "ересектер санаты" және "Шеберлер" санаты" бойынша өнер көрсетеді. Қатысушыларға халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар қазылық жасамақ. 
Сенбі күні сағат 14.00-де 2-айналым өтіп, байқау қорытындысы 24 сәуірде сағат 11.00-де шығарылып, фестиваль гала-концертпен түйінделеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓