Ыстық су ағытылады
13 мамырдан бастап, жылу желілерін жоғары қысыммен сынақтан өткізу жұмыстарына байланысты, облыс орталығында ыстық су уақытша ағытылады. Бір жақсысы – көктемгі қысыммен тексеру жұмыстары жылдағыдан бір аптаға ерте аяқталады.
"ҚЖЭК" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13-21 мамыр аралығында №2 қазандыққа қарасты желілер (бұрынғы КСК ауданы), 27 мамырдан 6 маусымға дейін ЖЭО және №3 қазандық (орталық және бұрынғы ТБӨК (КЖБИ) ауданы) техникалық сынақтан өтеді. Ыстық су аталған аудандарда қысыммен тексеру кезінде тоқтатылады.