Карантин жарияланады
Ел Үкіметі 5 шілдеден бастап карантин жариялау жоспарын ұсынып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомстоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», – делінген Президенттің жазбасында.