COVID-19: +32 адам
30 маусымдағы мәлімет бойынша, Қостанай облысында коронавирустың симптомды инфекциясын 14 адам және симптомсыз түрін 18 адам жұқтырған.Атап айтқанда, облыс орталығының 8 тұрғыны, Лисаков, Жітіқара, Тобыл қалаларында және Қамысты ауданында 1 адамнан медициналық көмекке жүгінді. Әулиекөл ауданында 2 адам індет жұқтырған. Емделушілер – 27-75 жас аралығындағы азаматтар. Барлығынан дене қызуының жоғарылауы, құрғақ жөтел, иіс сезуінің жоғалуы, әлсіздік байқалды.
ПТР диагностикалық зерттеулерінің қорытындысы бойынша, шағымданушылардан COVID-19 диагнозы нақтыланды, емделушілер жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынып жатыр.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
30 маусымға дейінгі мәліметке сүйенсек, облыста COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 512-ге жетті.