Тексеріс жалғасады

Қостанай облысында осы жылдың 11 мамыры мен 30 маусымы аралығында аудан-қала әкімдіктері жанынан құрылған мониторигтік топтар карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау мақсатында әртүрлі көлемдегі 3931 нысанды тексерген. 339 нысанның тәртіп бұзғаны анықталды.IMG_8763
Мониторинг қоғамдық тамақтану, сауда орындарын, дәріханаларды, ірі сауда орталықтарын, ТҚС, көлік жуу нысандарын, қоғамдық көліктерді, дәмханаларды, кофейня, қор-қор тарту, дөнер нысандары, моншалар, суши барларын, азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерді, демалыс зоналарын, фитнес-клубтарды, сыра дүкендері мен дүңгіршектерін және облыстың аудан-қалаларының тұрғындары жиылатын өзге де қоғамдық орындарды қамтыды.
Әр ереже бұзушылыққа жол берген айыпкерлерге олқылықтың орнын толтыру, сондай-ақ, шектеу шараларын ұстану туралы ескертулер жасалды. Тексеріс барысында 20 нысанның қызметі уақытша тоқтатылған. Мұның сыртында, 116 әкімшілік іс қозғалыпты. Барлық әкімшілік іс облыстың сот орындарына қарауға жіберілді.Бүгінге дейін 57 әкімшілік іс сот талқысына алынып, 218 мың теңге сомасында айыппұл салынған. 
Қостанай облысында нысандардың шектеу шараларын қатаң ұстануын қадағалау үшін мониторингтік жұмыстар жалғасын табады.    
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓