САҚТЫҚ ШАРАСЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Screenshot_20200424_144226Қазір елімізде коронавирус дерті өршіп тұр. О бастағыдай емес, кейінгі кезде біздің облыстың өзінде күніне ондаған адам індет жұқтырды деген деректерді күн сайын естіп, біліп отырмыз. Бұл атүсті қарайтын шаруа емес.
 Аллатағаланың өзі сақтансаң сақтаймын дейді. Сондықтан, қазір тойды, ас беруді , басқа да басқосуларды тоқтату керек. Адамның  денсаулығынан асқан байлық жоқ. Мүмкін қайта карантин жарияламау керек шығар, бірақ, пандемияға қарсы күресті қатаңдатпаса болмайды. Сақтық керек. 
Жалғыз біздің ғана ел емес, дүниежүзіндегі ахуал осындай. Күні кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі шараларға арналған кездесуде Қазақстанда күніне 2,5 мыңға дейін пневмония ауруы тіркелетінін айтты. Яғни, бұл дегеніңіз сырқаттар саны   күннен-күнге артып келе жатыр деген сөз. Күні кеше ғана науқастарға толған қалалық аурухананың  жабылғанын естіп отырмыз. Басқа да емдеу орындары сырқат жандарға лық толы. Жалпы, облыстағы жағдай өте күрделі. Аты жаман ауру туралы күнделікті ақпараттар дерттің дендеп бара жатқанын көрсетеді. Ендеше, дүниені дүрліктірген дертпен дүйім жұрт болып күреспесе болмайды. 
Ол үшін қазіргідей қысылтаяң кезеңде бейсауыт жүрісті шектеу қажет. Өз-өзіңді күт, туған-туысқандарыңа ескерт. Сақтық шаралары біз бен сізден басталуы керек. Сонда ғана дертті ауыздықтай аламыз.
Ақылбек ШАЯХМЕТ,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓