Кеншілер Елбасына қолдау білдірді

Қостанай облысының кеншілері мен металлургтері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, игі тілектерін білдірді.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Кеншілер Сіздің сырқаттанғаныңыз туралы хабарды естіп, біраз алаңдап қалды. Сіз, рухы күшті адам ретінде осы сынақты жеңіп, коронавирусты инфекциядан тез айығасыз деп сенеміз. Сіз әрқашан біздің кәсіпорнымызға ерекше қамқорлықпен және жылылықпен қарадыңыз. Сіздің "Рудный комбинаты – өте жақсы білетін еліміздегі қуатты комбинаттардың бірі" деген бағаңыз бізді әрдайым қуаттандырып жүреді. Біздің әр жетістігімізге сіз бірге қуандыңыз. Біз де, сіздің тез сауыққаныңызды естіп, қуанғымыз келеді. Кеншілер қауымы сіздің тез сауығуыңызды  тілейді!"- делінген Рудный кәсіпорны ұжымының хатында.

Дәл осындай игі тілегін Жітіқара қаласындағы кәсіпорын ұжымының да жолдағанын айта кеткен жөн. Басқарма төрағасы Ербол Нұрқожаевтың тайуынша, кәсіпорынның екі мыңнан астам қызметкері Елбасының сырқаттанғанына қатты алаңдаулы.

"Сізге зор денсаулық және тез сауығып кетуіңізді тілейміз! Біз біргеміз!"- делінген хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓