Шектеу шаралары ұзарады

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю.Севостьянов коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қаулы шығарды. Маңызды құжаттың толық мәтінімен таныс болыңыздар.images (1)
"Мен, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Ю.И. Севостьянов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21,148, 150 және 152-баптарына сәйкес, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына сәйкес (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ № 43) Қостанай облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысының тұрғындарына, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына:
1) тұратын жерлерден еркін шығуға, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалаулар 3 адамнан аспайтын топтарымен немесе бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
2) тұрғындарға міндетті түрде дүкендерде, дәріханаларда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық көлікте, кеңселерде, кәсіпорындарда және меншіктің барлық нысанындағы басқа да объектілер, адамдар көп жиналатын орындарда маска кию керек;
3) облыстың елді мекендерінде саяжай учаскелеріне бару үшін елді мекенге кіріп-шығуға рұқсат етілген;
4) қоғамдық көлікті пайдалануға рұқсат етілген № 43 БМСДҚ 15-қосымшасына сәйкес, жеке, қызметтік көлікте, қоғамдық қалааралық автокөлікте және таксиде міндетті түрде маскамен жүруге және такси жүргізушілерінің антисептиктер қолдануы арқылы қызмет етуіне рұқсат бар;
5) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (мұрын, жөтел, температура және т. б.) пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық жәрдемді 103 нөмірі бойынша үйге шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгінуге болады;
6) үй карантиніндегі тұлғаларға "мен үй карантиніндемін" функциясын қосу арқылы "SmartQOSTANAI" мобильді қосымшасын орнату;
7) отбасылық, еске алу, салттық және өзге де іс-шараларды өткізуге, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады;
8)  кәсіпкерлік субъектілер мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, № 43 БМСДҚ қосымшасына сәйкес, карантиндік және шектеу іс-шараларын қатаң сақтауға, бұдан басқа барлық жұмыс істеп тұрған объектілердің жұмысын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде жүзеге асырылсын:
– персоналды жеке қорғану құралдарымен (маскалармен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;
– үй-жайлардың, ғимараттардың кіре берісінде және шыға берісінде санитайзерлер орнату;
– келушілерге, клиенттерге ғимаратқа маскасыз енуге рұқсат бермеу;
– үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды бақылау;
– кемінде 2 рет ылғалды тазалау шараларын жүргізу;
– желдету режимін қаперде ұстау;
– сатып алу мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымшалар).
2. Аудандар мен қалалар әкімдеріне, полиция департаментіне, кәсіпкерлік субъектілеріне:
1) келесі объектілердің жұмыс уақыты шектеледі:
– ХҚКО онлайн режимінде қызметтерді көрсетуге көшу, онлайн режимінде қызметтерді брондау арқылы ғана сағат 10: 00-ден 18: 00-ге дейін;
– сұлулық салондарының, шаштараздардың, барбершоптардың жұмысы 10:00-ден 18:00-ге дейін тек алдын ала жазылу бойынша;
– өнеркәсіп тауарларын сататын объектілердің жұмысы сағат 20: 00-ге дейін;
– азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін болады.
  1.  қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге жеткізіп беру» және «өзімен алып шығу» қағидатын сақтай отыра шектеу;
  2. білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, үйірмелердің қызметіне тыйым салу;
  3. 20 адамға дейінгі топтармен ашық ауада жаттығуларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқалардың) жұмыс істеуіне тыйым салу;
5) ҚР БМСДҚ № 43 8-қосымшаға сәйкес талаптарына сай, "Тобыл" ФК-ның ҚР чемпионатының матчтарын көрерменсіз өткізуін қоспағанда, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын, стадиондар қызметкерлерін техникалық минимумға дейін шектеу ;
6)   кинотеатрлардың, театрлардың, балалардың ойын орталықтары мен ойын алаңдарының барлық түрлерінің (аула клубтарын қоспағанда), түнгі клубтардың, компьютерлік және ойын клубтарының, Кальян, караоке барлардың, бильярд, боулинг орталықтарының, тату салондардың, массаж салондарының, букмекер кеңселерінің, мектеп жанындағы лагерьлердің, қала сыртындағы сауықтыру балалар лагерьлерінің (оларға демалыс базасын қоспағанда) қызметіне тыйым салынсын. Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан фуд-корттар, кинотеатрлар, ойын-сауық объектілерінде орналасқан және оларда мәдени-бұқаралық бағдарламалар, аттракциондар, субұрқақтар, үрлемелі конструкциялар (батуттар) өткізу үшін бір мезгілде 20-дан астам адам болатын аквапарктер, бассейндер, оның ішінде моншалар мен сауналар қызметіне шектеу салынсын;
7) балалардың демалыс орталықтарының, үйірмелердің, оқыту факультативтерінің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының және басқа да "шеберлік сабақтары" нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын;
8) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), басқа кеңселердің қызметін әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, № 43 БМСДҚ 1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80% – ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесі 30-дан астам қызметкер болғанда).
3. Аудан және қала әкімдері, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы меншік нысанына қарамастан (кезекші топтарды қоспағанда) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтатсын.
4. Аудан және қала әкімдері, дін істері басқармасының басшысы № 43 БМСДҚ 20-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, объект алаңының 1/3 бөлігінен аспайтын уақытта пайдаланған жағдайда діни объектілердің (мешіттердің, соборлардың, шіркеулердің, синагогалардың және т.б.) қызметін қамтамасыз етсі
5. Қостанай облысы ТКҚСҚБ департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, полиция департаменті осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Қостанай облысы ҚКҚБТУ департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары әлеуметтік маңызы бар объектілерде, ұйымдастырылған ұжымдарда, қызметкерлер, келушілер немесе тәрбиеленушілер арасында КВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде осы объектілерді тиісті аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларымен карантинге жабу мәселесін қарастырсын.
7. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.06.2020 жылғы № 24, 08.06.2020 жылғы № 25, 15.06.2020 жылғы № 28, 18.06.2020 жылғы №29, 19.06.2020 жылғы №32, 22.0620 жылғы №33 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
 

                               Ю. Севостьянов,
 
Қостанай облысының бас
мелекеттік санитарлық
 дәрігердің орынбасары                     
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓