Ахуал аса мәз емес

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Штаб отырысы барысында Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының әкімдері баяндама жасады.
Сонымен қатар, әкімдер мониторингтік топтардың жұмысын қарастырды. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мониторингтік топтар 2 661 рейдтік іс-шара өткізді, 122 карантиндік шараларды бұзу деректері анықталды.
Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Соңғы аптада ғана облыста (13-19 қазан аралығында – 735 жағдай) алдыңғы жағдаймен салыстырғанда (6-12 қазан аралығында – 678 жағдай) сырқаттану 8,4% – ға өсті.
Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханалардың жүктемесі 39% – ды құрайды. 643 адам емделуде, мысалы, 1 қазанда 600 адам болды, өсім 7,2%. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың вакцинациялаудың төмен көрсеткіштерімен байланысты.Қазіргі уақытта бірінші компонентпен вакциналаудан 324, 3 адам немесе 64,2% өтті, оның ішінде екінші компонентпен 300,6 адам немесе 59,5% екпе қабылдаған.
Қазіргі уақытта "Ashyq" жобасына қатысу үшін 5158 өтінім берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓