Таксимен тегін жүреді
Қостанайда Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне таксиде тегін жүру сертификаты тапсырылды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қасымхан Алдабергенов пен Михаил Подоляковқа таксиде тегін жүру сертификаты салтанатты түрде берілді. Ардагерлерге қызметті «Такси-CITY» фирмасы көрсететін болады. Бұл жеңілдік Қостанай қаласында ғана жарамды.
Мамыр айының басындағы мәліметтер бойынша Қостанай қаласында Ұлы Отан соғысының 100 ардагері тұрып жатыр.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ