Жақындарымызға жанашыр болайық!
Бірнеше ай бұрын Еуропа елдеріндегі жағдай біз үшін жат көрінетін. Әлеуметтік желілерде індеттің әлемге таралуын келеке етіп, шектеу шараларына күмәнмен қарағанымыз жасырын емес.
Мұнымыздың бекерлігін енді түсініп жатқандаймыз. Қазақ еліне еш қатысы жоқтай көрінетін коронавирус біздің таныстарымызға, жақындарымызға да жұға бастады. Ауыр сырқаттың салдарынан өмірімен қош айтысқандар да бар.
Елімізде енгізілген шектеу шаралары ауыр дерттің алдын алуға септігін тигізді. Десек те, кейбір кәсіпорындар осы шектеулердің зардабын тартып отырғанын ашына айтуда. Туристік фирмалар, тойхана, мейрамхана және басқа да кәсіп нысандары табысынан қағылып, үкіметтің аз ғана қолдау қаржысына қарап қалды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіп иелерін шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақыруда. Мен де азаматтық ұстанымызға берік болайық дегім келеді. Біздің, яғни, кәсіп иелері ғана емес, азаматтық қоғам белсенділерінің індеттің таралуына тосқауыл болар қауқарымыз бар. Баршаңызды жақындарыңызға жанашыр болуға шақырамын.
Вирус – кез келген жастағы адамға қауіпті, ол сіздің әлеуметтік мәртебеңізге, қызметіңіз бен шеніңізге де қарамайды. Материалдық, әлеуметтік жағдайыңыз да маңызды емес. Індеттен тек сақтанған ғана, жақынына жанашыр болған ғана құтыла алады.

Әлімхан Мырзахан,
І.Омаров атындағы облыстық
қазақ драма театрының директоры