Телеарналар мен радиолар жұмысын тоқтатады
Қазақстанда 18 сәуірде радио мен телеарналар жұмысын тоқтатады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. "Қазтелерадио" АҚ теле-радио хабар таратудың жерсеріктік және эфирлік желісіне жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Соған байланысты, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", – делінеді баспасөз қызметі хабарламасында.
Жөндеу жұмыстары сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.