Қымыздан асқан дәм бар ма?

Этнограф Сейіт Кенжеахметұлы өзінің «Жеті қазына» кітабында қымыздың мынадай түрлерін жазған.
Уыз қымыз – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз.
Бал қымыз – жылқының сүр қазысын қосып, әбден бабына келтіріліп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады.
Құнан қымыз – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.
Дөнен қымыз – үш түн сақтал-ған өте күшті қымыз.
Бесті қымыз – төрт түн сақталып ашуы әбден жеткен қымыз.
Сары қымыз – шөп буыны бітіп, күзде сауылатын қымыз. Мұның қуаты күшті әрі емдік қасиеті жоғарылай түседі.
Қысырдың қымызы – қыста қысыр биелерді қолда ұстап сауып, оны қысырдың қымызы деп атаған.
Қысырақтың қымызы – қулық биенің (алғаш құлындаған бие) қымызы. Жас биенің сүті бол-ғандықтан бұл бірнеше құлындаған биенің қымызынан қуаты да жоғары болады.
Түнемел қымыз – бұрынғы қымыздың үстіне саумал қосу.