Мақсат – екпеге дейін шыдас беру
Карантин барынша қатаң қадағалауда болуы тиіс. Өкініштісі, адамдар санитарлық талаптарға шекесінен қарап, ережелерді мойынсұнбауды әлі жалғастырып жатыр.
Тіпті, көптеген жүгенсіз азаматтар астыртын түрде тойлар мен мерекелік шаралар өткізіп жатыр. Осылай жалғаса берсе, бәріміздің басты мақсатымыз – вакцинапцияға дейін аз адам шығынымен қалай жетпекпіз? Ал вакцина табылса, бұл дерттен құтылар жол ашылады. Құрбан арқылы ұжымдық иммунитет құру – дұрыс таңдау емес. Пациенттер науқастанады, біз оларды тұрақтандырамыз. Бірақ стационарларда жүктеме шектен аспауы тиіс. Ешқандай стационар мұндайға төтеп бере алмайды. Оттегі де, адам күші де жетпей қалады. Қуантатыны, біздің қызметке төленетін тарифті ұлғайту жоспарланып отыр. Бұның шығын материалдарының орнын толтыруға, құрылғылар сатып алуға көп көмегі тиеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Денсаулық сақтау министрлігінің және санитарлық дәрігерлердің ұсыныстары мен талаптарын ұстану қажетігін, барлық күш-жігер еліміздің басты байлығы – ҚР азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталатынын" жөн айтып отыр. Әрине, дәрігерлер де халықты құтқаруға бар қажыр-қайратын жұмылдыру керек екенін түсініп отыр. Әрі-беріден соң, бұл – біздің, медицина қызметкерлерінің ғана қолынан келетін іс.
Юрий Моисеев,
облыстық Көпбейінді аурухананың бас дәрігері