COVID-19: тағы 33 адам…
22 маусымдағы мәлімет бойынша, Қостанай облысында симптомды коронавирус инфекциясын 33 адам жұқтырған. Бұл күні кешегі дерекпен сәйкесіп отыр.
COVID-19 он сегіз ер адамнан және он бес әйелден табылды. Олардың ішінде 19-ы – Қостанай қаласының тұрғыны, 3-і – Арқалық қаласында, ал Рудный, Жітіқара, Тобыл қалаларында және Қостанай ауданында 2-ден. Алтынсарин, Амангелді және Әулиекөл аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді.
Емделушілер бұрын КВИ жағдайларымен тіркелген адамдармен байланыста болғандар ретінде тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, өздерін нашар сезінгендіктен, медициналық ұйымдарға шағымданды. Науқастардың барлығында да тұмаурату, тамақтың ауыруы, жөтел, әлсіздік белгілері болған.
COVID-19-ға қарсы ПТР диагностикалық зерттеулер жүргізу науқастардың осы індетті жұқтырғанын көрсетті. Емделушілер жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, тиісті ем алып жатыр.
Олармен жақын байланыста болған адамдар анықталды.

Облыста эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
2020 жылдың 22 маусымындағы жағдай бойынша, Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны 358 адам жұқтырған.