Жылу тарифі төмендеді

Қостанайлықтар үшін жылу тарифі төмендеді, енді олар әдеттегіден 11,5% аз төлейтін болады. Ал заңды тұлғалар үшін баға сол күйінде қалады. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазды.теплоБір айта кетерлігі, коммуналшылар тарифті төмендету үшін жоспарлы жөндеу жұмыстарының тең жартысынан бас тартқан.
"Газ мамандары да осы мәселеге саналы түрде ден қойып, халық үшін тарифті 20%-ға төмендетіп отыр. Бұл – біздің де осындай шешімге келуіміздің баста себебі. Жөндеу жұмыстары көлемін барынша азайттық, үнем жолдарын іздеп, қаржыны ең қажетті деген жөндеулерге сақтадық. Қайта қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылмайтын болады", – деді баспасөз мәслихатында "ҚЖЭК" МКМ директоры Валерий Солодов.information_items_27020

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓