Індеттен бір адам көз жұмды
Қостанай облысында 17 маусымда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Ол – Жангелдин ауданының 1949 жылы туған тұрғыны. Марқұм 15 маусымда Covid19 белгілерімен ауруханаға жатқызылған.
71 жастағы пациент Қостанай облыстық ауруханасының провизорлық стационарының инфекциялық бөлімшесіне (КВИ 1) 15 маусым күні сағат 21.30 кезінде түскен. Ол құрғақ жөтелге, дене қызуының 38.9 С-қа дейін көтеріліп, жүру кезінде алқыну, тәбетінің жоғалуы, дәм сезудің бұзылғанына шағымданған. Ауру анамнезі: апта бұрын, әйелі ауырғаннан кейін 2 күннен соң науқастанған. Өз бетінше парацетамол ішкен.
Жангелдин ауданынан Қостанайға 13 маусымда немересі, әйелі және қызы үшеуі автокөлікпен шыққан. Облыс орталығына келісімен жедел жәрдем шақыртып, облыстық ауруханананың провизорлық бөлімшесіне әйелімен және қызымен бірге жеткізілген. Ағзасынан COVID-19 белгілері табылуына байланысты, 15 маусымда инфекциялық бөлімшеге ауыстырылған.
Эпиданамнез//
2020 жылдың 30 мамырында өте көп адам жиналған асқа барған. Сондай-ақ, апта бұрын Нұр-Сұлтан қаласынан қонақтар келген. Өзі ауылдан тыс соңғы рет 6 ай бұрын шыққан.
Кеуде қуысының рентгенографиясының нәтижесі – "Екіжақты полисегментарлы пневмония"
Нашарлау құбылысы байқалды (өкпенің қабыну ауқымының ұлғаюы)
Вирусқа қарсы, комбинацияланған антибактериялық терапия, оттегі терапиясы, симптоматикалық терапия қоланылды.
Интоксикациялық синдром (дене қызуының 38,5С-қа дейін көтерілуі), сатурацияның біртіндеп төмендеуі сақталып, үнемі оттегі беру аппаратында жатты.
Интоксикациялық синдром (дене қызуының 38,5С-қа дейін көтерілуі), сатурацияның біртіндеп төмендеуі сақталып, үнемі оттегі беру аппаратында жатты.
17 маусым күні сағат 14.00-де сатурацияның 85%-ке дейін төмендегені анықталып, реаниматолог дәрігер шақыртылып, пациент жансақтау палатасына ауыстырылып, өкпені инвазивсіз желдету аппаратына қосылды.
18.20-да жағдайы нашарлап, сатурациясы аяқ астынан 46%-ке дейін түсіп кетті, жүрек соғу жиілігі минутына 110, дем алу қозғалысы жиілігі минутына 40, артериялық қысымы сынап бағанасымен 130/60 мм болды, реанимациялық шаралар басталды.
18.45-те пациент инбутацияланды (ӨЖЖ).
20.50-де жүрек соғысы тоқтады. Реанимациялық шаралар жасалды.
21.25-те биологиялық өлім тіркелді.
Диагнозы: COVID-19 коронавирус инфекциясы, асқынудың аса ауыр деңгейі.
Аталған жағдайды өлім деректерін зерттеу жөніндегі комиссиясы талқылады. Комиссия бұл пациент коронавирус инфекциясынан көз жұмды деген тоқтамға келді, өйткені марқұм медициналық ақпараттық жүйесінде созылмалы аурумен ауыратын адам ретінде "Д" есебінде тіркеуде тұрмаған.