COVID-19: + 14 адам

Қостанай облысында, 20 масуымдағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 14 адам тіркелді.
ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша, коронавирус инфекциясы Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Жітіқара қалаларының және Алтынсарин аудандарының тұрғындарынан анықталды.  Сондай-ақ,  COVID-19 жағдайлары Қашар кентінде де тіркелді.
Сырқаттанып қалғандардың ішінде 5 адам облыс орталығының тұрғындары, 1 – Арқалық қ., 1 – Лисаков қ. 1 – Жітіқара қ., 2 – Рудный қ., 1 науқас Алтынсарин және  2 адам Қашар кентінде тіркелді. 
Зертханалық талдаулар бұрын тіркелген КВИ жағдайларымен байланыста болған адамдар ретінде, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, ЖРВИ белгілерімен шағымданған кезде және алдын алу мақсатында алынды. 
Науқастармен байланыста болған адамдар да анықталды, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.       
2020 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша, Қостанай облысында COVID-19 инфекциясының 292 жағдайы тіркелді, олардың ішінде 191-і емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓