Қостанайда құрылыс өнімдерінің көрмесі өтті

Қаламызда “Көркейе бер, Қостанай!” атты құрылыс өнімдерінің кең көлемді көрмесі өтті. Облыс орталығында алғаш өтіп отырған шараға 22 кәсіпорын қатысып, өз өнімдерін ұсынды.IMG_9145
Көктемнің қара суығы өңменнен өтсе де бүгінгі көрмеге келушілердің қатары жеткілікті. Бәрінің де мақсаты бір. Тәжірибе алмасу, танысу, білісу. Ал көздеген меже – қаламыздың көркін ашып, көркейтуге атсалысу. Бұл облыс әкімінің бастамасы болатын. IMG_9149Көрмеге қатысқан кәсіпорындардың өнімдері сан алуан. Заман талабына сай құрылысқа қажеттінің бәрі осында. Керегін таңдап алу қиындық соқтырмайды. Бұл нені білдіреді. Өңір кәсіпкерлерінің жетістігі мен қауқары қандай құрылысты болмасын өз күштерімен еңсере алатынын байқатқандай.IMG_9199
Көрмеге өзге облыстардан арнайы келгендер де бар. Солардың бірі “АйымИнвестҚұрылыс” ЖШС. Ақмола облысынан келген. Бұл кәсіпорын аулаларға, ойын алаңдарына арналған спорттық құрылғылар дайындайды. “Бүгінде мұндай өнімге сұраныс жоғары. Енді Қостанай облысынан да филиал ашып, тапсырыс алу ойымызда бар. Бүгінгідей шараның кәсіпкерлер үшін берері мол” дейді кәсіпорын директоры Т. Ертаев.
Ал Қостанай жерінде бес жылдан бері жұмыс істеп, қанатын кеңге жайып келе жатқан “Дортекс” ЖШС бүгінгі күнге сақадай сай келіпті. Кәсіпорын өздері шығаратын барлық өнімдерін әкелген. Олардың ішінде киімдерге жылу беретін синтепон мен холлофайбер, онымен қоса геоторлар,  геоматалар бар. Бұл өнімдерге сұраныс жоғары. Астана, Павлодар, Қарағанды қалаларына тұрақты шығарылып тұрады. Енді алда ЭКСПО-ға осы геотекстиль өнімдерін апару жоспары тұр.IMG_9180
Көрмені аралаған қала әкімі Б. Жақыпов әр кәсіпорынның жұмысымен танысты. Жәрмеңке соңында қалалық әкімде кеңейтілген мәжіліс өтіп, қала құрылысы, жөл жөндеу мәселелері жан-жақты талқыланды.IMG_9184
Биыл қалада көпеген күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жолдар жөнделіп, жаңа спорт алаңдары салынып, тұрғын үй тұрғызылмақ. Республикалық бюджеттен жол жөндеудің өзіне 4,5 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде Абай көшесі толығымен жөнделіп, қала әкімі айтқандай “құстың ұясындай” ғана болған ыңғайсыз аяладамалар ауыстырылады.IMG_9167 Құрылыс материалдарының жәрмеңкесі қажетті өнімнің бәрін өзімізден алуға толық негіз бар екенін көрсетті. Басшылар жергілікті өнімді қолдана отырып, оларға қолдау да көрсетеміз деген ойды ұстанып отыр. Кәсіпкерлер бастамаға демеушілік жасап, қаланың көркеюіне ат салыспақ.IMG_9148
 
IMG_9144Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓