Диана Шәріпова: “Елбасымен кездескеніме қуаныштымын”
Дені сау ұрпақ ұлт болашағы деп жатады ғой. Қостанай облысында жастардың спортпен шұғылдануына да қолайлы жағдай жасалып келеді. 2017 жылы ашылған теннис орталығы – соның айқын көрінісі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атамыз Қостанайға келгенде бұл орталықты өзі ашып берген еді. Мен Елбасымен пікірлесіп, оған ризашылығымды білдірдім. Бұл күнді ешқашан ұмытпаймыз. Ол кісінің еңбегі ұшан-теңіз.
Біздің облыста бұқаралық спортты дамытуға да айрықша көңіл бөлді. Мен тенниспен 5 жыл бойы айналысып келемін. Бұрын бізде мұндай жағдай болған жоқ. Мен кумирім, мықты теннисші Симона Халеп сияқты болғым келеді. Бізге жасалған мүмкіндіктердің арқасында арманымды жүзеге асырамын деп ойлаймын. Маңызды мəжіліс барысында иеленген "Халық қаһарманы" атағына Нұрсұлтан Əбішұлын əбден лайықты кемеңгер тұлға деп есептеймін!