60 мың пәтер берілді
Тәуелсіздік жылдарында Қостанай облысында 60 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілген. Бұл туралы облыс әкімі есеп беру отырысында айтты."Жыл басынан бері біз 25,5% өсіммен 387,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3266 пәтер салдық. Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша біздің облыс республика бойынша 2-ші орында", деп мәлімдеді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, А.Мұхамбетов соңғы 2 жылда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарғанын мәлімдеді.
"Тек соңғы 2 жылдың ішінде: 111 санитарлық автокөлік, жедел жәрдем қызметі үшін отандық өндірістің 50 реанимобилі сатып алынды. Медициналық жабдықтардан: 2 МРТ, 8 компьютерлік томограф, 8 сандық маммографиялық аппарат, 22 рентген аппараты, 9 жылжымалы, 15 флюорографиялық рентген аппараты, 37 УДЗ және тағы басқалармен қамтылды", – деп баяндады облыс әкімі.