Білім – бәсекелік қабілеттің бастауы

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының депутаттық фракциясы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады. P1440177Кеңейтілген жиналысты облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов бастап берді. Іс-шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов, білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Мәжит Шүленов, мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов және облыстық мәслихаттағы партияның депутаттық фракция мүшелері қатысты. P1440169– Жаһандануға жұтылып кетпес үшін елдің бәсекеге қабілеттілік қасиеті маңызды рөл атқарады. Елбасының мақаласы біздің өткенімізге баға беріп, болашағымыздың бағдарын айқындай түскендей. Әрбір қазақстандық компьютерлік сауаттылық пен шет тілдерін меңгерген, мәдениеті жоғары болуы керек. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Мемлекет басшысы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды тапсырды. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Елбасының жаһандану процесінде гуманитарлық ғылымдарға ерекше мән беруі құптарлық жағдай. Өйткені, тұлғаның рухани кемелденуінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың атқаратын қызметі орасан зор,-деді облыстық мәслихаттың депутаты, ҚМПИ-дың ректоры Еркін Әбіл.P1440173Кеңейтілген жиналыста «Қазақстан альюминдері» АҚ Лисаков қаласындағы филиалының директоры Сергей Щелоков, облыстық мәслихат депутаты Айтжан Есенгелдинов, Денисов ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Наталья Таран сөз сөйледі. Таран ауданындағы Валерьянов негізгі мектебінің директоры Айнаш Даданова мемлекет басшысының мақаласын бірауыздан қолдайтынын айтты.

-Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өткен. Олар: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Сонымен қатар таяу жылдардағы міндеттерге де тоқталған. Біздің бұл тапсырмалардың орындалуына білек сыбана кіріскеніміз дұрыс. Алдағы 25 жылда ұрпақ қандай тәрбие алуы керек, олардың бойында қандай қадір-қасиет, мінез болғаны жөн? Осы сауалдардың жауабын Ұлт Көшбасшысының мақаласынан табасыз. Өз басым бұл мақаланы Президенттің ұлтпен кеңесуі, ортаға ой салуы, талқыға шығаруы деп түсінемін және қолдаймын,-деді Айнаш Даданова.
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓